Үреймен өмір сүріп жатқан қандастарымыздың ішерге асы да қалмады. Қазір жұмыс тоқтап тұр, табыс жоқ. Болашақ бұлыңғыр. Сондықтан этникалық қазақтар Қазақстанға оралуға ниетті. Бірақ, елшілік түрлі құжатпен қоса, "мың доллардай" ақша сұрап отырған көрінеді. Бұл қаншалықты рас.
Ауғанстандағы ахуал расында әлемдік деңгейде күн тәртібінен түспей келе жатқанына айға жуықтады. Сондықтанда бізде бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап келеміз. Осы мақсатта бүгін студиямызға скайп арқылы қонақ шақырып отырмыз. Сұрақтарымызға бүгін Білім және ғылым министрлігіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері Нұркен Айтымбетов жауап беретін болады.