Ауғанстандағы кедейшілік деңгейі 2022 жылы 97%-ға жетуі мүмкін

1054

Тәліптер билікке келгеннен кейін экономикалық тұрақсыздық орнады.

Ауғанстандағы кедейшілік деңгейі 2022 жылы 97%-ға жетуі мүмкін

2022 ортасында Ауғанстандағы кедейшілік деңгейі сауда байланыстары мен қаржы жүйесі проблемаларының бұзылуы салдарынан ЖІӨ-нің қысқаруынан кейін 97%-ға дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz БҰҰ-ның мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

"15 тамыздан кейін елдегі биліктің ауысуы экономикалық тұрақсыздыққа және белгісіздікке әкеліп соқты. Ішкі және халықаралық нарықтардағы байланыстардың бұзылуы өндіріске кері әсер етті, оның бағасының өсуіне себеп болды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде. Құжатта АҚШ билігінің Ауғанстан орталық банкінің активтеріне тыйым салғаны жазылған. 

"Шетелдік көмек, инвестициялар және сауда іс жүзінде тоқтап қалды, бұл соңғы жылдары шетелдік көмек бюджет шығындарының 75%-ын қамтыған еді. Енді бұл елдің қаржылық жағдайы қиындай түседі", – деп жазылған ұйым мамандарының болжамында. 

Табиғат Нұрболат
Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу