Ауғанстандағы мешітке шабуыл жасалып, алты адам қаза тапты

228

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында мешітке шабуыл жасалды.

Ауғанстандағы мешітке шабуыл жасалып, алты адам қаза тапты Фото: ru.apa.az

Pahjwok агенттігінің хабарлауынша, алты адам шабуыл құрбаны болды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Дереккөздің хабарлауынша, дұға етушілерге атыс қаруымен қаруланған адам шабуыл жасаған.

Тағы бір басылым — Agence France-Presse — Ауғанстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, мешітке шабуыл 29 сәуірде кешке болғанын растады. Қайғылы оқиға Гузара ауданында болды.

Әзірге бірде-бір лаңкестік топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу