Ауғанстандағы мешітте тағы да жарылыс болды

726

12 адам жарақат алды.  

Ауғанстандағы мешітте тағы да жарылыс болды

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясындағы мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Кем дегенде 12 адам жарақат алған.

Агенттіктің дерегіне сүйенсек, жарылғыш зат мешіт ішінде іске қосылған. Қайғылы оқиға кезінде ғимаратта адамдар болған. Бірқатар басылым 15-16 адамның зардап шекті деп хабарлауда. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жарияланбады. Шабуылды ешбір топ әзірге мойнына алған жоқ. Бірақ оны ДАИШ содырлары ұйымдастырды деп отырғандар бар.  

Еске сала кетсек, қараша айында террористер Ауғанстанның ең ірі әскери ауруханасына шабуыл жасаған еді. Содыр ғимарат кіреберісінде өзін-өзі жарып жіберіп, содан кейін қару асынған бір топ адам мешітке баса-көктеп кірген еді. Ресми дерек бойынша, бұл шабуылдан 23 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу