Ауғанстандағы мешіттердің бірінде жарылыс болды

692

Ешбір топ шабуылды мойнына алмады.

Ауғанстандағы мешіттердің бірінде жарылыс болды

Ауғанстанның Кундуз провинциясындағы мешітте намаз кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Xinhua агенттігіне сілтеме жасап. 

Салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Агенттіктің дерегінше, олар ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар туралы ақпарат жарияланбады. Әзірге ешбір топ шабуылды мойнына алмады. 

Тәліптер оқиға болған жерді қоршауға алды. 

7 қазанда Ауғанстанның Хост провинциясындағы Мазхар әл-Улюм медресесінде (діни мектепте) жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Тағы 15 адам зардап шеккен болатын. Қастандықты кімнің жасағаны әлі күнге дейін белгісіз.

3 қазанда белгісіз біреулер Кабулдағы Идга мешітінің кіреберісіне жақын жерді жарып жіберді. Екі адам ажал құшып, тағы үшеуі жарақат алды. Жергілікті ІІМ мәліметінше, жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен үш адам ұсталды.

Табиғат Нұрболат

Фото: Reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу