Ауғанстандағы тәліптер әйелдерге қатысты жаңа жарлық шығарды

1073

Әйелдер енді бет-жүзін жасырып, тек көзін ашып, паранжа киуі керек, деп жазады inbusiness.kz тілшісі "Азаттық радиосына" сілтеме беріп.

Ауғанстандағы тәліптер әйелдерге қатысты жаңа жарлық шығарды

Биліктегілер "қарындас-әпкелерінің лайықты әрі қауіпсіз өмір сүргенін қалайтынын" айтады. Көптеген ауған әйелі және халықаралық қауымдастық өкілдері аталған бұйрықты сынады.

Жарлықты "ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу" деп аталатын министрлік таныстырған. Бұйрықты жоғарғы басшы Хибатулла Ахунзада шығарғанын айтады.

Ережені орындамаған әйел адамның әкесі немесе жақын ер туысы жұмыстан шығарылады немесе түрмеге қамалады.

Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясы "бұл шешім ауған азаматтарының оның ішінде әйелдер мен қыздардың құқықтарын құрметттеуге уәде берген [тәліптердің] көптеген мәлімдемесіне қайшы" деді. Ұйым өкілдері осы шешімге байланысты тәліптермен кездесуге тырысатынын айтты.

АҚШ мемлекеттік департаменті де Ауғанстандағы әйелдер құқығының бұзылуына алаңдаушылық білдірді.

"Кейінгі 20 жылда ауған әйелдері қол жеткізген ілгерілеушіліктің жойылып бара жатқанына қатты алаңдаймыз" деді АҚШ мемлекеттік департамент өкілі.

Ауған әйелдерінің басым бөлігі орамал тағады, алайда Кабул сияқты қалалық жерлерде көп әйел беттерін жаппайды.

Айта кетейік, тәліптер былтыр Ауғанстан билігіне келді. Қыздарға 6-сыныптан кейін мектепке баруға тыйым салған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу