Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл түрде G7 саммиті өтеді

801

Байден мен Джонсонның айтуынша, "одақтастар, демократиялық серіктестер" Ауғанстанда бірлесе жұмыс істеуі керек. 

Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл түрде G7 саммиті өтеді

"Үлкен жетілік" мемлекеттерінің басшылары шұғыл жиналып, 23-29 тамыз аралығында Ауғанстандағы жағдайды талқылайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

G7 саммитіне қатысушы елдер басшыларының кездесуі таяу уақытта видео-конференция режимінде өтеді. "Саясаткерлер келесі аптада жалпы стратегия мен ұстанымды талқылау үшін виртуалды кездесу ұйымдастыруға келісті", – деп атап өтті АҚШ басшысының әкімшілігі.

Джо Байден мен Борис Джонсон Кабулдан әскерилер және бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде "батылдық пен кәсібилік танытқан" америкалық және британиялық әскерилердің қызметіне жоғары баға берді. Әлемдік көшбасшылардың пікірінше, "одақтастар, демократиялық серіктестер" Ауғанстанда бірлесе жұмыс істеуі керек. "Әлемдік қауымдастық гуманитарлық көмек пен босқындарға қолдау көрсетуі керек", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Соңғы екі аптада Ауғанстандағы жағдай билік ауысқаннан кейін ушығып кетті. Кабулды 15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашып кетті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу