Ауғанстандағы жарылыстан 20 адам қаза тапты

854

"Талибан" лаңкестері Кабул қаласы мен Парван провинциясында шабуыл ұйымдастырып, салдарынан 48 кісі қаза тапты.

Ауғанстандағы жарылыстан 20 адам қаза тапты

Елдің оңтүстігіндегі Калот қаласында автокөлік ішіне жасырылған  жарылғыш зат іске қосылып, салдарынан 20 адам ажал құшты. Оқиға ұлттық қауіпсіздік директоратының ғимараты мен емхана маңында болған.  Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тағы 90 кісі түрлі деңгейде жарақат алды.

Билік өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, марқұмдардың дені бейбіт тұрғындар, емделушілер мен дәрігерлер. Зардап шеккендердің барлығы да ауруханаға жеткізілді. Бұған дейін 7 адамның көз жұмып, 85 адамның жарақат алғаны жарияланған болатын. Лаңкестікті "Талибан" қозғалысы мойнына алды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте осы айдың соңына белгіленген президент сайлауына кедергі келтіреміз деп қоқан-лоққы көрсеткен "Талибан" лаңкестері Кабул қаласы мен Парван провинциясында шабуыл ұйымдастырып, салдарынан 48 кісі қаза тапқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу