Ауғанстандағы жарылыстан кемінде 35 адам қаза тапты

664

Ауғанстанда тас жол жарылып, салдарынан автобус ішіндегі 35 адам  ажал құшты.

Ауғанстандағы жарылыстан кемінде 35 адам қаза тапты

Тағы 27 кісі түрлі деңгейде жарақат алды.Бұл туралы  Reuters агенттігі хабарлады.

Оқиға Фарах провинциясындағы Кандагар-Герат жолында орын алды.Автобус Герат провинциясынан Фарахқа бара жатқан. Жантәсілім болғандардың қатарында әйелдер мен балалар бар. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегі бойынша, автобус аударылып жартылай өртеніп кеткен.

Қазір осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Әзірге жарылысты ешбір топ мойнына алған жоқ. Алайда жергілікті билік "бұны тәліптер жасады" деген пікірде. Дегенмен тәліп өкілдері бұл мәлімдемені ресми түрде жоққа шығарды.

Айта кетейік, биыл ел аумағында "Талибан" мен "Ирак және Левант лаңкестік тобының"  шабуылдары жиілеп кеткен. БҰҰ-ның дерегі бойынша, 2018 жылы жарылыстар мен атыстардан 1400-ден астам адам көз жұмған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу