Ауғанстандағы жарылыстардан 15 адам мерт болды

704

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылыстарды Талибан қозғалысы содырлары ұйымдастырған.

Ауғанстандағы жарылыстардан 15 адам мерт болды

Ауғанстан астанасы Кабулда 3 рет қуатты жарылыс болып, 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды Atameken Business.

Алғашқысы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-дерде болған. Жұмысқа бара жатқан Тау-кен өндірісі және мұнай өнеркәсібі министрлігі қызметкерлері мінген автобус жолда жасырылған минаның үстімен өткен. Екінші жарылыс та сол ауданда орын алған, зардап шеккендер жоқ. Ал үшінші жарылыс полиция учаскесі жанында орын алды, жанкешкі өз көлігін жарып жіберген. Жергілікті билік жарылысты Талибан қозғалысы содырлары ұйымдастырған деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу