Ауғанстанға 80 миллион доллар көлемінде көмек көрсетілді

772

Қазақстан Ауғанстанға екіжақты және көпжақты келісімдер арқылы техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. 

Ауғанстанға 80 миллион доллар көлемінде көмек көрсетілді

Ауғанаралық татуластыру үдерісіне кім қандай үлес қосты. Бұл туралы Ыстанбұлда (Түркия) "Бейбітшілік, Серіктестік, Өркендеу" тақырыбында "Азия жүрегі" Ыстанбұл үдерісінің Сегізінші министрлер конференциясында айтылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жиында Ауғанстандағы ұзақ жылдар жалғасып келе жатқан соғысты тоқтату жолдары ұсынылды.   

Қазақстан делегациясына басшылық еткен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде Қазақстан жалпы тарих, мәдениет және дәстүрі байланыстыратын өңірлік көршілермен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. 

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің ауған халқына қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екендігін растаған еді.

Қазақстан Ауғанстанға екіжақты және көпжақты келісімдер арқылы техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда елімізден Ауғанстанға 80 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілді. 

Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі қаржыландыратын бағдарлама аясында 1000 ауған студентін Қазақстанның жетекші университеттерінде оқытуға 50 миллион АҚШ доллары бөлінді. Мәселен, осы жылдың қазан айында Қазақстанға ауған студенттерінің бірінші тобы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ауған әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша Еуропалық Одақ, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы үш жақты ынтымақтастық бағдарламасы аясында Қазақстанның жетекші университеттерінде оқу үшін келді.

Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Түркияға және конференцияның алдыңғы отырыстарын өткізген елдерге, сондай-ақ келесі жылы кездесуді өткізетін Тәжікстанға алғысын білдірді.

Сондай-ақ А.Гани бейбітшілікті қамтамасыз ету және қақтығыстардың қайталануын болдырмау мақсатында халықаралық қоғамдастықтардан, ең алдымен АҚШ, Еуропалық Одақ және аймақ елдерінен қолдау сұрады.

Қазақстандық дипломат Ауғанстанды өңірлік интеграцилық үдерістерге тартуды ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан тарапы Ауғанстандағы бейбітшілікті орнатуға қосып жатқан үлесін атап өтті.

Конференцияның қорытындысы бойынша декларация қабылданып, тараптар ауғанаралық татуластыру мәселесін талқылауды жалғастыруға келісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу