Ауғанстанға ауыз салған АҚШ енді Пәкістанды қырына алмақ

832

Ауғанстанға ауыз салған АҚШ енді Пәкістанды қырына алмақ

Бүгін Ақ үй қожайыны Дональд Трамп алдын ала алынған мәлімет бойынша Ауғанстандағы америкалық әскери контингентті арттыру мақсатында тағы 4 мыңдай сарбазды аттандыратыны жөнінде мәлімдеме жасауы тиіс-тұғын. Бұл жайында CBS ақпарат  көзі хабар таратты, деп хабарлайды islam.kz.

АҚШ президенті бұл мәлімдемесінде Ауғанстандағы және Оңтүстік Азиядағы жаңа стратегиясын жарияламақ. Сондай-ақ, Ауғанстанмен көрші жатқан Пәкістанды террористерге демеуші болып отырған ел ретінде танып, қара тізімге енгізуі әбден мүмкін. АҚШ бастаған алпауыт мемлекеттер Пәкістанды қара тізімге енгізетін болса, НАТО-ның негізгі одақтасы қатарынан шығарып, аталған елге берілетін көмектің мөлшерін азайтуы мүмкін.

Айта кетейік, өткен жұмада америкалық президенттердің қала сыртындағы Кэмп-Дэвид резиденциясында қауіпсіздік кеңесінің жиыны өткен болатын. Онда оңтүстік Азия аймағы негізгі тақырыпқа айналып, аталған аймақтағы АҚШ-тың ықпалына қатысты түрлі нұсқалар қарастырылған еді. Солардың бірі - америкалық әскери контингентті Ауғанстаннан толық шығару немесе кеміту, я болмаса, арттыру мәселесі талқыланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу