Ауғанстанға азаматтық соғыс қаупі төніп тұр – Қасым-Жомарт Тоқаев

803

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында Ауғанстандағы ахуалға қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ауғанстанға азаматтық соғыс қаупі төніп тұр – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: akorda.kz

Біздің байқауымызша, Ауғанстандағы жағдай тұрақсызданып бара жатыр, оның арты азаматтық соғысқа ұласып кетуі мүмкін. Жаңа уақытша үкімет құрылды. Оның құрамы мен ұстанған бағытына әркім өз бағасын берді. Тәліп әкімшілігінің құрылуы, әрине, Ауғанстанда тыныштық орнады және экономикалық даму үшін қажетті жағдай жасалады дегенді білдірмейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ауғанстандағы ахуалға алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, бұл елде гуманитарлық дағдарыс басталуы мүмкін.

Отырысқа Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин (видео конференция режимінде), Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Мемлекеттер басшылары Ауғанстандағы ахуал, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты, алдағы уақытқа бекітілген жоспарларды айқындады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу