Ауғанстанға қазақстандық ұнның жеткізілімін сақтау керек

689

Екі ел арасындағы сауда осы жылдың 5 айында $316,6 млн құрады, оның $310 млн қазақстандық экспортқа тиесілі.

Ауғанстанға қазақстандық ұнның жеткізілімін сақтау керек Фото: Allbiz

Қазақстаннан жіберілетін ұнның 70%-ы Ауғанстанға экспортталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Қазақстанның ұн экспорты әлеуетін көтеру тек тек екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты емес, себебі Ауғанстанға жеткізілімнің барлығы дерлік Өзбекстан аумағы арқылы өтеді. Осы жылдың 4 айында Ауғанстанға Өзбекстан аумағы арқылы $150,8 млн сомасына 450 мың тоннадан астам ұн жіберілді.

"Қазақстандық астық жүктерін Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстан мен Тәжікстан бағытында тасымалдауға арналған тарифтердің айтарлықтай жоғары болуына байланысты біз экспорт көлемін ұлғайту және Ауған нарығын тауарлардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға транзиттік тасымалдаудың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмысты бастадық", — деді Серік Жұманғарин.

Бүгінде, мысалы, Түркіменстан өз аумағы бойынша тасымалдарды дамытуға мүдделі және өз аумағы бойынша жеңілдікті транзиттік тариф ұсынуға дайын. Бұл бағыт, ең алдымен, ұн тартатын өнімдер үшін жөнелтудің балама бағыты болуы мүмкін екенін министр атап өтті.

"Осы мақсаттар үшін шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілетудің бірыңғай операторы QazTrade отандық тауарларды Болашақ станциясына дейін жеткізуді арзандатуды қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге біз Ауғанстанға ұн мен астықты тепе-тең негізде жеткізу үшін Өзбекстанмен елдеріміздің аумақтары бойынша транзиттік темір жол тасымалдарына жеңілдікті шарттар беру жөніндегі уағдаластықтарды нығайттық", — деп қорытындылады спикер.

Астанада Қазақ-ауған бизнес форумы өтіп жатыр, оған Ауғанстаннан 200-ден астам делегат келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу