Ауғанстанға көршілес елдер бірлескен мәлімдеме жасады

926

Дипломаттар халықаралық қауымдастық ауған босқындарын қабылдайтын елдерге қаржылай қолдау көрсетуі керек деген шешім қабылдады.

Ауғанстанға көршілес елдер бірлескен мәлімдеме жасады Фото: reuters.com

Ауғанстанға көршілес елдердің: Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресейдің сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Иранның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дипломаттар Ауғанстанның ішкі істеріне араласпау қағидатын қолдады. Яғни олар ауған халқы болашағын өз бетінше құруға құқылы екенін мойындады.

Ведомство басшылары Ауғанстан мәселелерді шешу үшін барлық этникалық топтардың қатысуымен жан-жақты саяси құрылым жасақтауы керек деген тоқтамға келді.

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И тәліптер басқа елдермен диалог құруға ұмтылуда, сондықтан халықаралық қауымдастық Ауғанстанға қол ұшын созуы керектігін алға тартты. Сонымен қатар дипломаттар халықаралық қауымдастық ауған босқындарын қабылдайтын елдерге қаржылай қолдау көрсетуі керек деген шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу