Ауғанстанға заңсыз газ сатқан топ сотталды

815

Сот күдіктілерді 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Ауғанстанға заңсыз газ сатқан топ сотталды

Шымкенттік екі тұрғын 2017-2020 жылдар аралығында сұйытылған газ контрабандасымен айналысып келген. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, күдіктілер құжатқа жалған мәлімет енгізу арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға 700 тоннадан астам сұйылтылған газды заңсыз жеткізіп, сатқан.
Сол істің нүктесі енді ғана қойылып отыр. 

"Шымкент қаласының Абай аудандық соты іс бойынша екі айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды (ҚР ҚК-нің 234-б. 2-б. 1) және 4-тармақтары, 197-б. 4-б. 2-тармағы). Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 110 млн теңге болатын 720,8 тонна сұйылтылған газ қайтарылды", - деп жазылған агенттіктің ресми мәліметінде.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу