Өйткені Киевтің құлауы 2021 жылғы Ауғанстанда батысшыл үкіметтің құлауынан да жаман болады. Бұл туралы елдің сенатор Линдси Грэм айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Егер біз Украинадан бас тартсақ, бұл Ауғанстандағы жағдайдан да жаман болады. Президент Трамптың олай жасамайды деп ойлаймын. Соғыс аяқталмайынша, мен украиналықтарға қорғаныс үшін қажетті барлау мен қару-жарақты беру керек деп санаймын", – деді америкалық сенатор Fox News арнасына берген сұхбатында.
Сөзінше, ол 10 наурыз күні Конгреске Ресейдің банктері мен энергетика секторына жаңа санкциялар енгізу туралы заң жобасын ұсынады. Бұл Мәскеуді келіссөздер үстеліне дереу отырғызуға бағытталған қадам болмақ.
"Егер ресейліктер АҚШ әкімшілігімен бітім жасасуға және бейбіт келіссөздерге келіспесе, біз оларды жаңа санкциялармен қысамыз. Мен келесі аптада осыған қатысты заң жобасын ұсынамын", – деді Грэм.
Сенатордың айтуынша, келесі аптада Украина тарапынан соғыстың аяқталуына қатысты нақты жоспар келуі тиіс.