Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте ҚР ІІМ есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес басқармасының бастығы Айдар Шигаев мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz 24.kg ақпарттық агенттігіне сілтеме жасап.
"Талибанның есірткіге қарсы күрес туралы мәлімдемесіне қарамастан, біз Ауғанстаннан келетін есірткі көлемінің артқанын көріп отырмыз. Ескі қорлардан келетіндер бар, арасында жаңа дақылдар да кездеседі. Тыйым салынған заттардың басым бөлігі біздің республика арқылы Қазақстан, Ресей мен Еуропа елдеріне транзитпен өтеді. Есірткі заттарының негізгі бөлігі жүк тасымалы арқылы, ал қалғаны шекараның қорғалмаған бөліктері арқылы тау жолдарымен жеткізіледі", - деді ол.
Шигаев Ауғанстаннан аймақта белгілі гашиш пен героиннен басқа, елдің өзінде немесе көрші Иранның аумағында зертханаларда өндірілген синтетикалық есірткілер қара нарыққа көбірек түсе бастағанын ескертті.