Павлодар облысында Ауғанстан азаматы қандастар бағдарламасымен заңсыз пәтер алған

363

Ол мемлекеттен бөлінген 20 млн теңгеге пәтер сатып алған.  

Павлодар облысында Ауғанстан азаматы қандастар бағдарламасымен заңсыз пәтер алған Фото: canva

Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндірісті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды.

Аталған ақша қаражатына құны 20 млн теңге болатын пәтер сатып алынған", – делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу