Ауғанстаннан Орталық Азияға есірткі тасымалы артқан

1073

Өзбекстан үкіметі жанындағы Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық ақпараттық-талдау орталығының директоры Олим Нарзуллаев Ауғанстаннан Орталық Азия елдеріне есірткі тасымалы көлемінің артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстаннан Орталық Азияға есірткі тасымалы артқан

"Ауғанстаннан "солтүстік бағыт" арқылы есірткі трафигі көлемінің артқаны байқалып отыр. Әсіресе, өңірдегі белсенді интеграциялық процестер аясында Өзбекстанның көлік инфрақұрылымы арқылы есірткіні заңсыз тасымалдау әрекетінің өскені байқалады", – деді Олим Нарзуллаев Ташкентте өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының 12-кеңесінде. 

Оның айтуынша, 2021 жылы Өзбекстандағы есірткінің заңсыз айналымына ауған опиаттары үлесінің ұлғаюымен, сондай-ақ синтетикалық есірткі құралдарының қарқынды таралуымен сипатталады. Ол күшті әсер ететін дәрілік препараттарды теріс пайдалану дерегі артқанын, бұл қауіп төндіретінін жеткізді.

Олим Нарзуллаев былтыр республикада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 7,1 мыңнан аса қылмыс тіркелгенін жеткізді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,4%-ға артық.

Тәркіленген есірткі көлемі – 1864,4 келі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,9%-ға көп. 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда 102,96 келі героин "3,6 есе көп), 342,7 келі апиын (2,7 есе көп) тәркіленген.

"Бүгінде есірткі трафигіне қарсы күрес мәселесі өзекті. Бұл ШЫҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді", – деді  орталық директоры.

Тәжікстанда өтіп жатқан ШЫҰ кеңесіне Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей өкілдері, сондай-ақ ұйымның бас хатшысы Чжан Мин және өңірлік терроризмге қарсы құрылымның атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу