Ауғанстанның жаңа үкіметі Қазақстанның ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайды

1004

Бұл туралы Қазақстанның Қабулдағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ауғанстанның жаңа үкіметі Қазақстанның ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайды

"Кездесу кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты. Оның пікірінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны атап өтілді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу