Ауғанстанның жаңа үкіметіне бұрынғы әкімшіліктің өкілдері кірмейді

766

Тәліптер 12 адамнан тұратын кеңес құруды жоспарлап отыр.

Ауғанстанның жаңа үкіметіне бұрынғы әкімшіліктің өкілдері кірмейді Фото: reuters.com

Ауғанстанның жаңа үкіметінің құрамы бірнеше күн ішінде жарияланады. Al Jazeera дерегі бойынша, "Талибан" құратын жаңа әкімшілікке бұрынғы биліктің өкілдері кірмейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұған дейін тәліптердің көшбасшылары негізгі лауазымдарға ие болғаны жарияланған еді. Ауғанстан СІМ-нің басшысы лауазымына Абдул Ғани Барадар тағайындалды. Республика Қорғаныс министрлігінің басшысы лауазымына қозғалыстың негізін қалаған адамның ұлы Мұхаммед Якуб бекітілді. Елдің ішкі істер министрлігін Халил Әл-Рахман Хаккани басқаратын болды. Министрлер кабинетінің қалған мүшелері жақын арада жарияланады.

24 тамызда Ауғанстанды басқару жүйесінің қандай болатыны туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. Foreign Policy басылымының ақпараты бойынша, тәліптер 12 адамнан тұратын кеңес құруды жоспарлап отыр. Оның құрамына қозғалыстың көшбасшылары кірмек. 

Еске сала кетсек, 30 тамызда АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтап, барлық әскери күштерін шығарды. "Талибан" соңғы америкалық сарбаз кеткеннен кейін Ауғанстан толықтай тәуелсіз болды деп мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу