Аулада көлік жуған азаматқа 45 мың теңге айыппұл салынды

781

Аулада көлік жуған азаматқа 45 мың теңге айыппұл салынды

Екібастұз қаласының тұғынына өз үйінің ауласында көлігін жуғаны үшін 45380 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Инстаграм желісін қолданушылардың бірі tipavlo парақшасына жариялаған видеода тәртіп сақшыларына өкпелі екенін айтқан. Себебі полицейлер күйеуін көлік жуып жатқан жерінен алып кетіп, айыппұл салған.

Осыған қатысты агенттіктің жолдаған ресми сауалына облыстық ІІД төмендегідей жауап берген: Рұқсат етілмеген орында автокөлік жуу фактісі 2017 жылдың 5 сәуірінде М.Жүсіп көшесі, 159 үй мекенжайында тұрғын үйдің ауласында полиция учаскелік инспектормен рейд іс-шарасын өткізу барысында анықталған.

Осы дерек бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушыға 20 АЕК айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу