Аулада марихуана шеккен жігіт Сергек камерасына түсіп қалды

693

"Темекі шегу аппаратын" тастауға асыққанымен, кеш қалған. 

Аулада марихуана шеккен жігіт Сергек камерасына түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен орталығында полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтаған деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Құқық бұзушы Сергек АБК камераларының біріне түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут өткен соң оқиға орнына тәртіп сақшылары келген. Полицейлерді көре салысымен жас жігіт, "темекі шегу аппаратын" тастауға асыққанымен, кеш қалған.

Сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде қала тұрғыны каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткіге масаң күйде болған.

Полицейлер жас құқық бұзушыдан фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы тәркіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу