Елорда тұрғындарының үй ауласында серуендеу тәртібі бекітілді. Оның ережелерін қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен таныстырды.
"Азаматтар аулада серуендеу үшін мына шарттар мен шектеу талаптарын сақтауы керек. Бір отбасының мүшесі болмаса, 3-тен артық адам жиналуға болмайды. Кәмелетке толмаған балаларға ата-ананың біреуінің бақылауынсыз немесе 18-ден асқан ересек туысының жетегінсіз аулада жүруіне болмайды. Аулада серуендеген азаматтар медициналық маска тағып, қолғап киіп, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарды алып жүруі керек. Серуен өзі тұрып жатқан үйдің ауласында ғана жүзеге асады. Ал көшеде жүруге сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін шектеу қойылған. Оның үстіне 60-тан асқан егде жастағы адамдарға, созылмалы ауруы бар жандарға аса бір қажеттілік болмаса көшеге шығудан тартынуға кеңес береміз. Бұл санаттағы адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыру тәуекелі жоғары", – деді әкімдік өкілі.
Есжан Ботақара