Аулаларын су басқан тұрғындар мектепке орналастырылды

599

Оларға сол жерден ыстық тамақ, жатын орын ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аулаларын су басқан тұрғындар мектепке орналастырылды Фото: Жетісу облысы әкімдігі

"Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарындағы төтенше жағдайға байланысты аулаларын су басқан тұрғындарды аудан әкімдігі Жедел штабтың шешімімен Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектепке орналастыра бастады", – делінген Жетісу облысы әкімдігі хабарламасында.

Қазірдің өзінде 19 адам мектепке жайғастырылған. Оның 10-ы ересек, 9-ы бала.

Сонымен қатар арық жүйелерін тазарту мен аулаларды батпақтан тазарту жұмыстарына ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның 5514 әскери бөлімі, ҚР ҚМ 18386 әскери бөлімі тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу