Ауласын есірткі алқабына айналдырған қызылордалық ұсталды, деп хабарлайды Аtameken Business. 48 жастағы азамат биіктігі 3-4 метр болатын мың шақты түп сораны ауласына өсіріп келген. Сонымен қатар, үйінен 5 литрлік 5 пластик ыдысқа нығыздалып салынған ісі бар шөп және дәл сондай өсімдіктің екі қабы табылған. Полицейлер күдіктіні дереу ұстап, сараптама жүргізді. Қорытындысы бойынша, заңсыз өнімдер марихуана есірткі затына жататынын көрсеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу