Шиелі ауданында үйінің ауласына 41 түп биіктігі 65-70 см болатын сора өсімдігін еккені үшін 46 жастағы аудан тұрғыны құрықталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 5 келіге жуық сора өсімдігі болып шықты.
Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу