Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 2 тікұшақ өртеніп жатқан аумаққа 36 тонна су тастаған.
Өрт аумағы 3 000 гектарға дейін ұлғайған. Аманқарағай және Новонежинка елді мекендерін қорғауға бағытталған күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілуде. Озерное ауылынан 250 адам және Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен 1 000 адам көшірілді.
Озерное ауылында кемінде 3 тұрғын үй өртеніп кеткен.
Сонымен қатар Калинино ауылынан 228 адам, Лесное аулыныан 363 адам көшіріліп жатыр.
Өрт салдарынан Аманқарағай ауылындағы мұнай базасында өрт шығу қаупі төнген. Оқиға орнында 3 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу