Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталуға жақын

665

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталуға жақын Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

"Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады", – деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Аймақ басшысы жариялаған суретте алыстырмалы екі фотосуретте бір айдың ішінде иен далада тұтас бір коттедждік ауыл қалай тұрғызылған. Үйлердің бәрі біркелкі салынған. Сондай-ақ Мұхамбетов дайын үйлердің бірінің іші қалай көрінетінін видеосын жариялады.

Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ондаған мердігер ұйымдар кіріскені хабарланған болатын. Құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу