Аумағы 100 га алма бақ биыл алғашқы өнімін береді

1795

Аумағы 100 га алма бақ биыл алғашқы өнімін береді

Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылының маңындағы алма бақ биыл алғашқы өнімін береді. 2011 жылы салынған интенсивті бақтың аумағы 100 га, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамшылатып суару әдісін қолданатын шаруашылық шамамен әр гектарынан 5-7 тоннаға дейін алма жинауды жоспарлап отыр. Бұл жерде алманың "голден делишес", "старкримсон", "заря алатау" сорттары өсірілуде. Кәсіпорын алғашқы өнімін Алматы қаласының сауда орындарына өткізбек. Бұл жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылды.

Сондай-ақ осы "НұрАгро" агрофирмасы 103 гектар аумаққа пияз өсіріп жатыр. Пияз алқабы да тамшылатып суарылады. Шаруашылық басшысы Қасымжан Жанұзақовтың айтуынша, тамшылатып суару әдісімен мол өнімге қол жеткізіп отыр. Пияз негізінен Ресей және Украинаға экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу