Аумақтық сайлау комиссияларына арыз түскен жоқ – ОСК төрағасы

846

Сайланған 17 депутаттың 5-і әйел адам. 

Аумақтық сайлау комиссияларына арыз түскен жоқ – ОСК төрағасы

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев бұл сайлау әйел адамдардың белсенділігімен ерекшеленгенін айтты. 

"Әйелдердің саяси белсенділігі артып келеді. Сайланған 17 депутаттың 5-і әйел адам болды. Бұл – сайлауға түскендердің 29,4%. 2014 және 2017 жылдардағы сайлауда бұл көрсеткіш тек 6% ғана құраған. 

"Сайлау туралы" Конституциялық заңның бұзылуы туралы аумақтық сайлау комиссияларына арыз түскен жоқ. Дауыс беру мен басқа да сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті", – деді Берік Имашев.

Оның сөзінше, сайлау күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн байқау сервисі жұмыс істеді. Осы арқылы сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді.

"Дауыс беру рәсімін және сайлау қорытындысын шығаруды 242 жергілікті және 5 халықаралық байқаушы байқап отырды. Сайлау өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды сақтай отырып өткізілді", – деді Берік Имашев.

Қанат Махамбет

Фото: dailynews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу