"Әуре болмаңдар!": Азамат Сатыбалды өзіне наразы болғандарға жауап берді

344

Бұл мәселеге қатысты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әуре болмаңдар!": Азамат Сатыбалды өзіне наразы болғандарға жауап берді Фото: @azamatc

"Жалған ақпаратқа жүйелі жауап. Дұрыс түсінік болу үшін, қысқаша қайырайын. Үлкен мақала дүйсенбі күні шығады. 1. Қазақфильм мен Қазақанимация қызметкерлері айлықтарын толық алып отыр. 2. Бұл, Алтын адам жобасының шығармашылық тобы. Айлық емес, қаламақы (гонорар). 3. Жоба, 2019 жылы басталған. 5 жыл созылып бітпей келе жатыр. Соңғы мерзім бойынша 2023 жылы біту керек екен. 4. 90 пайыз ақшасы төленген. 5. 10 пайызы қалған. 6. Бұл жоба, ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысы. 7. Қазақфильм орындаушы орган. Қазақфильм де қаражатын ала алмай, зардап шегіп отыр. 8. Кино орталығы жобаны қабылдамады. Ол жерде эксперттік кеңес бар. 9. Содан кейін, сот процесі басталды. 10. Бұл жүйелі шара. Бәрін заңдастыру үшін. 11. 20 маусым күні, ұлттық киноны қолдау орталығының бастығы Құрманбек мырзамен кездесу өтті. Сол жерде ортақ шешімге келді. Жобаның режиссері мен авторлары, қол алысып келісті. 12. Қазақфильм сол бағытта жұмысын бастап кетті. Бұл жерде, жобаға қатысы жоқ мені және Қазақфильмді кінәләу дұрыс емес. Қазақфильм де жәбірленуші. Қалай болмасын, "Алтын адам" жобасы жарыққа шығады. Шығармашылық топ қаламақысын алады. Соған сәл уақыт және сабыр керек. Осыны пайдаланып, пиғылы басқа және бұл жобаға дым қатысы жоқ, осыны ұйымдастырған белгілі бір топқа айтарым. Абыройды беретін Жаратқан және алатын да Жаратқан. Әуре болмаңдар!" – деп жазды ол желіде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу