Атырауда короновирус превмониясымен, өкпесі екі жағынан қабынып ауруханаға түскен әйел қолхатпен үйіне шығарылды. Ол әлеуметтік желі арқылы шу шығарып, "ешқандай ауруы жоқ екенін, өзін күшпен үстеп отырғанын" айтып, шу шығарған, деп жазды inbusiness тілшісі.
"Атырау модульді жұқпалы аурулар ауруханасында әлеуметтік желіде шу шығарып, жалған ақпарат таратқан емделуші Ыдырысова К.А үйіне жіберілді. Емделушінің анасы және күйеуі қолхат жазып, екі жақты заңды куәгерлердің қатысуы қамтамасыз етілді. Махамбет ауданы тұрғының денсаулығы участелік дәрігерлердің бақылауында болады", - деп хабарлайды №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі.
Сондай-ақ, бұл жағдай жөнінде қалалық прокуратура мен басқа да жауапты мекемелер хабардар етілген. Белгілі болғандай, науқастың анасы да тиым салынғанына қарамастан аурухананың ішіне кіріп кетіп, айқай-шу шығарып, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірген. Ал ҚР Бас санитариялық дәрігерінің бұйрығын бұзып, аурухана ішін видеоға түсіргені үшін оның жауапқа тартылуы мүмкін.
Ыдырысова ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Үй жағдайында оқшаулануы, дертін жақын-жуықтарына жұқтырмауы – ендігі жерде оның жеке жауапкершілігінде.
Құралай Қуатова