Ауруханаға індет белгілері айқын науқастар ғана жатқызылады

706

Тәуекел тобындағы 60 жастан асқан науқастарға ерекше көңіл бөлінуде. 

Ауруханаға індет белгілері айқын науқастар ғана жатқызылады

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров науқастарды аурухана жатқызу тәртібін баяндады. 

"Госпитализацияға COVID-19 індеті расталған, дене температурасы 3 күннен бері 38,5°С болса, қанның оттегімен қанығу 95%-ды кұраса, сондай-ақ өкпеде 25 пайыздан астам өзгерістердің басым пневмония белгілері бар пациенттер жатқызылады. Одан басқа, 65 жастан асқан созылмалы аурулары бар науқастар және гемодиализ ем-дом шараларын қажет ететін иммун тапшылығы бар науқастар ауруханаға жатқызылады", – деді ол. 

Жатақханада 65-тен жоғары адамдармен немесе қауіп тобына кіретіндермен бірге тұрып, COVID-19 расталған адамдар да ауруханаға жіберіледі. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар, тәуекел тобындағы 60 жастан асқан адамдарға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде стационарларда осы санаттағы 94 науқас ем қабылдауда. 

"Қазір қалада 2986 адам амбулаториялық деңгейде бақылауда. Оның 2365-інде індет симптомсыз түрде өрбуде. Бұл 79%-ды құрайды. Ал 621 адамда коронавирус симптомдары бар. Бұл 21%-ды құрайды. Амбулаториялық деңгейде симптомдары бар ауырлықтың жеңіл дәрежесінде 555 адам – 89%, ауырлықтың орташа дәрежесінде 66 адам немесе бақылау жүргізілген адамдардың жалпы санының 11%-ын құрады", – деді Камалжан Надыров. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу