Ауруханаға түскендердің арасында екпе алғандар аз

759

Алматы әлі де "қызыл" аймақта. 

Ауруханаға түскендердің арасында екпе алғандар аз

Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Жұқтыру деңгейі төмендеді, бірақ босаңсуға болмайды. Пандемия басталғалы COVID-19 инфекциясының 155 739 расталған жағдайы тіркелді. Қала әлі де "қызыл" аймақта. Біздің міндет – дертті шектеу шараларын қолдану  арқылы төмендету. Мұнда бәріміз жауапкершілік танытуға  тиіспіз – кәсіпкерлер де, тұрғындар да", - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Қала тұрғындары арасында ауру жағдайының төмендеуі 25 тамыздағы 1605 жағдайдан 8 қыркүйек күні 976-ға дейін төмендеді. 

"Бұл төмендеу бүгінде Алматы тұрғындарының 46%-ы иммундық қабатының қалыптасуына байланысты. Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы күніне 3 мыңға жуық адам вакциналанады, бұл бір ай бұрын күніне 10-12 мыңға жуық адамға вакциналанғаннан әлдеқайда аз",- деді мегаполистің бас дәрігері. 

Бүгінде вакцинация деңгейі бірінші компонентпен 45% - 899 784 адамды, екінші компонентпен 39% - 779 870 адамды құрады, бұл қалада індеттің таралуын тәулігіне 970-1200 жағдай деңгейінде ұстап отыр. Қала тұрғындарының алдында вакциналанғандардың санын мүмкіндігінше тезірек 75%-ға дейін және одан да көпке жеткізу міндеті тұр. 
 
"Біз вакцина 100% қорғамайтынын түсінеміз. Алайда, олардың "дельта" штамына қарсы тұруы 80%-дан асады. Вакциналанған алматылықтар ауруханаға 20 есе аз түсетінін атап өткім келеді", - деді Жандарбек Бекшин. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу