Ауруханалар дәрілермен толықтай қамтамасыз етілген

708

МӘМС шеңберінде тегін препараттар тізбесі бар.  

Ауруханалар дәрілермен толықтай қамтамасыз етілген

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің  орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

"Бүгінгі таңда ауруханаларда КВИ-ды емдеу үшін дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта мекемелерде 17 700 адамның жатқанын ескере отырып, болашақта кепілдік болу үшін 27 000 науқасқа арналған дәрілік заттармен қамтамасыз етіліп отыр. Аймақтар арасында 4000 науқас үшін 165 мың қаптама "Лопинавир", "Ритановир" таратылуда. 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін қосымша дәрілер жеткізілетін болады", – деді ол.

Бүгінгі таңда МӘМС шеңберінде тегін дәрі-дәрмек, препараттар тізбесі бар. Бұл препараттар тізіміне антибиотиктер, қызуды төмендететін дәрілер де бар. Оларды мобильді топтармен тегін жеткізу қарастырылған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу