"Ауруханалар коронавируспен ауыратын науқастарға толы": Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

320

Ведомство желде тараған ақпаратқа түсінік берді.

"Ауруханалар коронавируспен ауыратын науқастарға толы": Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады Фото: freepik

Денсаулық сақтау министрлігі жедел мессенджерлерде жұқпалы аурулар ауруханаларының коронавирус індетімен ауыратын науқастарғаа толып жатқаны туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. 2024 жылдың басынан бері елде Covid-19 жұқтырған тек 1 356 жағдай тіркелді. Аурушаңдық сегіз есеге азайған. Коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда тұр", – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда барлығы 6 285 жұқпалы ауру төсек-орындары орналастырылған, оның ішінде коронавирус бойынша толымдылық саны 0,1%. Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырғанын атап өтті.

Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері 21 сәбидің Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу