Ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді

1212

Ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты. "МСҚ: Халықтық бақылау" деп аталатын қосымшаны 6 қарашадан бастап жүктеп алуға болады, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.

Азаматтар осы қосымшаның көмегімен 2017 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсететін клиникалар мен емханалардың жұмысын бағалай алады. Алдағы уақытта бұл тізімге медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын денсаулық сақтау субъектілері де енгізілмек. Кейін осы тілек-шағымдар негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Бұл азаматтардың ең үздік клиникалар мен емханаларды таңдауына мүмкіндік бермек.  

"Қосымша бірден бірнеше мәселені шешіп береді. Біріншіден, азаматтармен жедел түрде кері байланыс орнатудың тағы бір каналы ашылады. Бұл емделушілер үшін клиника таңдау мәселесін едәуір жеңілдетері сөзсіз. Екіншіден, Қор серіктес-ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі жайлы қосымша мәлімет алып отырады", - дейді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры  Забира Оразалиева.

 "Қосымшаны пайдалану үшін алдымен ЖСН енгізіп, авторизация жасау қажет. Болашақта біз оны жаңа функциялармен және сервис түрлерімен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Қосымшаны сынақтан өткізіп, ұсыныстар мен тілектеріңізді жолдаңыздар. Біз азаматтардың пікірлерін ескеруге дайынбыз", - дейді Қордың IT стратегия және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Абай Дүйсенев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу