Ауруханалар онлайн форматта қадағалануда

950

Бірінші болып сынақтан Атырау ауруханалары өтті. 

Ауруханалар онлайн форматта қадағалануда

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық ұйымдарды қадағалаудың жаңа форматы енгізілгенін мәлімдеді. Оның сөзінше онлайн-бақылау тәртібі медицина саласында заң бұзушылықтардың алдын алады. Сонымен қатар "ақ халаттылармен" ғана емес, науқастармен де тілдесуге мүмкіндік береді. 

"Кеше ғана Атыраудағы ауруханаларда онлайн-бақылау жүргізілді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері кез келген өңірдің медициналық ұйымына хабарласып, онлайн байланыспен ұйымды бақылай алады. Қызметкерлеріміз шынайы мәселені сұрайды. Қандай кабинетке кіруді де министрлік қызметкерлері айтып отырады. Кеше ғана осындай тәртіппен бірнеше науқаспен сөйлестік. Яғни жұмыстың осындай форматы аз уақыттың ішінде бірнеше аурухана жұмысын тексеруге мүмкіндік берді", – деді Алексей Цой.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу