Ауруханаларда орын жетпей қалу фактісі болған жоқ – Ақтөбе облысының әкімі

666

Маусым айынан бері өңірде мыңға жуық адам емделіп шыққан. 

Ауруханаларда орын жетпей қалу фактісі болған жоқ – Ақтөбе облысының әкімі

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аймақтағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды тілге тиек ете отырып, емханаларда науқастарға арналған орын саны үш есе көбейгенін айтты.

"Науқастар жататын орын санын 50%-ға көбейттік, бұл ең бастапқы кезеңмен салыстырғанда үш есе көп. Облыс бойынша 3300 орын бар. Соңғы аптаның өзінде 924 орындық мамандандырылған үш провизор аштық. Қазір науқастар жататын орынның 70%-ын пайдаланып отырмыз. Яғни резервте 715 кереует бар. Сондай-ақ, емханалардың жанында 725 орындық күндізгі стационарлардың өзінде 100-200 адам күнделікті ем қабылдап жатыр. Нәтижесінде, осы провизорлық, стационарлық ем көрсетудің арқасында маусым айынан бері мыңға жуық адам емделіп шықты. Ауруханаларда орын жетпей қалу фактісі болған жоқ. Азаматтардың тиісті ем-домын алуға барлық жағдай жасалған", – деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінгі күні ем-дом қабылдау апараттары мен құрал-жабдықтары жеткілікті дәрежеде.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу