Аурухананың 2 бөлімі "ақшаның жоқтығынан" жабық тұр

293

Бөлінген ақшаны уақытынан бұрын жұмсап қойған.

Аурухананың 2 бөлімі "ақшаның жоқтығынан" жабық тұр Фото: time.kz

Алматыдағы ең ірі медициналық мекемелерінің бірінен де шу шықты. Анығын айтқанда №7 қалалық клиникалық аурухадағы нейрохирургияның 2 бөлімшесі жабық, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Енді жоспарлы емге келетін науқастарды қабылдамай, кей дәрігерлерді тіпті ақысыз демалысқа жіберген көрінеді. Барлық мәселе ақшаның таусылғанынан, дейді. Сонда медициналық сақтандыру қоры жеткілікті қаражат бермегені ме? Енді пациенттер қайда барып ем дом алады?

"Проблема бізде нейрохирургияны жауып тастапты. Нейрохирургия керек халыққа. Халықта нейрохирургия жоқ бізде. Министрлік жауып тастады", - дейді қала тұрғыны Гүлмира Хабибуллина.

Ол табанын тоздырып аурухананы таңнан кешке дейін айналшықтап жүр. Өйткені, ұлында анықталған ісікке шұғыл операция жасау керек. Бұл біз көрген бір ғана мысал. Ал, іште не болып жатқаны ешкім білмейді.

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухадан шу шықты. Нейрохирургия бөлімшесі жоспарлы емге келген науқастарды қабылдамай, тіпті дәрігерлерді ақысыз демалысқа жіберіп жатыр.

Қалқамандағы аурухана қазір нейрохирургия бөлімшесіндегі кей дәрігерді өзге бөлімшеге, кейбірін жоспарлы еңбек демалысына жіберген. Оған қоса, тек шұғыл түрде түскен науқастарды қабылдап жатыр. Өйткені, бөлінген ақшаны уақытынан бұрын жұмсап қойған.

"Бұл жерде мәселе біздің қаржы 18 673 адамға он айға жоспарланған болатын болса. Қазіргі таңда біз 20 173 адамды емдедік. Сондықтан, біздегі бар 4 нейрохирургиялық бөлімшенің 2 нейрохирургиялық бөлімшесі халыққа қызмет көрсетуде", - дейді №7 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім басшысы Мақсат Мамырқұл.

Айта кету керек, медициналық сақтандыру қоры №7 қалалық клиникалық ауруханаға биыл 14 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген. Биыл былтырғымен салыстырғанда 35 пайызға артық. Сақтандыру қорының өкілі, "егер аурухана мамандары берілген қаражатты орнымен жұмсағанда мұндай келеңсіз жағдай болмас еді" деп отыр.

"Егер бұл аурухананың басшылығы қаржының лектерін дұрыс қадағалағанда мүмкін мұндай қиындықтар туындамаған болмар ма еді. Соған қарамастан біз ауруханадағы жағдайға байланысты талдау жүргізіп жатырмыз. Осы ауруханадағы әрбір медқызмет түрлеріне жұмсалған қаржылардың дәлелді жұмсалғандығы, дұрыс жұмсалғандығы тексеріліп барып, ертең жоғары деңгейде Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде, Қаржы министрлігі деңгейінде қортынды шығарылады", - деді ММСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Талдау қорытындысы оң нәтиже шығарса, аталған ауруханаға қосымша қаржы бөлінуі де мүмкін. Бір айта кетерлігі, нейрохирургиялық қызмет қаланың басқа да медициналық мекемелерінде көрсетіледі. Сондықтан, пациенттерге өзге ауруханаға жүгінуге болады, дейді қор өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу