Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу медициналық мекеменің тұрағында тұрған жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлер науқасты ауруханаға апарып, жүргізуші науқасты жедел жәрдем бөліміне жеткізуге көмектескен. Осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу қызметтік көліктің кабинасына отырып, оны оталдырады да, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Күдікті 32 жастағы ер адам ұсталды, ол көлікті басқара алмай, аударылып қалған. Оның үстіне күдікті көлікті ұрлаған кезде мас күйінде болғаны медициналық сараптамада расталған.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік материал толтырылды, сонымен қатар ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша (Көлік құралын автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сотқа дейінгі тергеу басталды.