Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласындағы орталық аурухананың материалдық техникалық базасы жаңа электрондық жүйеге көшуге әзір емес, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Жаңа талапқа сәйкес, ауруханаға келушілердің барлығы қазіргі таңда электронды түрде тіркеуге алынған. Сондықтан, аурханаға келушілердің әрқайсының электрондық кілттері болады. Сол арқылы дәрігерлерге қаралуы үшін кезек тұрып, қажетті медициналық көмектер алады.
Алайда, бұған аудандық орталық аурухананың интернеттің жүйесі сәйкес келмейді. Салдарынан, ауруханаға келушілер дәрігерлердің қабылдауына кіре алмай жүр. Себебі, интернет жүйесі дұрыс істемейді.
Мұны, аурухананың тіркеу бөліміндегі медбикелер де жоққа шығармайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу