Australian Open турнирі кезінде журналист қайтыс болды

234

59 жастағы Диксонның өлімінің себебі айтылмады.

Australian Open турнирі кезінде журналист қайтыс болды Фото: Getty imajes

Daily Mail британдық басылымының журналисі Майк Диксон 2024 жылы Мельбурндағы Australian Open турнирінде жұмыс істеп жүріп қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

"Біздің тамаша күйеуіміз бен әкеміз Майктың Австралия ашық чемпионатына қатысып жатқан Мельбурн қаласында қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. 38 жыл бойы ол бүкіл әлем бойынша спортты қамтыған арманын орындады. Ол шынымен де ұлы адам еді, біз оны қатты сағынамыз", - делінген хабарламада.

59 жастағы Диксонның өлімінің себебі айтылмады.

2024 жылғы Australian Open 14-28 қаңтар аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу