Аустралия аспанында сирек кездесетін гибридті күн тұтылуы байқалды

603

Жер, Ай мен Күн бір қатарға тізіліп, сирек кездесетін күннің гибридті тұтылуына себепші болды. 

Аустралия аспанында сирек кездесетін гибридті күн тұтылуы байқалды Фото: New-Science.ru

Ол толық және сақиналы күн тұтылуының бірге жүруіне байланысты осылай аталады, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Толық тұтылу болған кезде Ай Күнді толығымен жабады, сақиналы түрінде спутник Жерден тым алыс болғандықтан Күннің бетін көмкере алмай, оның шеттерінен от лаулап тұрғандай әсер қалдырады.

Бірегей құбылысты Австралия, Шығыс Тимор мен Шығыс Индонезия аралдарының тұрғындары тамашалай алды, бірақ оларға көрінгені сақиналы күн тұтылу. Аустралияның батыс жағалауындағы Эксмут шағын қаласының аспанында ғана Ай Күнді толығымен жапты.

Мұндай құбылыс 100 жылда бірер рет қана болуы мүмкін. Келесі гибридті күн тұтылуы Солтүстік Америкада 2031 жылдың 14 қарашасында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу