Аустралия банкінің басшысы лаңкестікті қаржыландырғаны үшін отставкаға кетті

1138

Брайан Харцер соңғы 5 жылда мемлекеттік заңнаманы 23 млн мәрте бұзып, қаржы жылыстатуға жол берген.

Аустралия банкінің басшысы лаңкестікті қаржыландырғаны үшін отставкаға кетті

Австралиядағы ең ірі қаржы ұйымдарының бірі Westpac банкінің жетекшісі отставкаға кетті. Оған лаңкестікті қаржыландырды деген айып тағылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Реттеуші органның мәлімдеуінше, Брайан Харцер соңғы 5 жылда мемлекеттік заңнаманы 23 млн мәрте бұзып, қаржы жылыстатуға жол берген. Қажетті бақылау механизмі жүзеге асырылмағандықтан, басқа банктер ұлттық төлем жүйесін еркін пайдаланған. Салдарынан 7,5 млрд доллар сұраусыз аударылған. Енді әр транзакция үшін 14 млн доллар айыппұл салынады.

Ел тарихында мұндай жағдай болған емес. Westpac-тің барлығы 12,2 млн тұтынушысы бар. Ұйым негізінен ипотекалық несие беру және бизнес қауымдастықты қаржыландырумен айналысқан.

 "Westpac жетекшілері педофилдердің де банк қызметін еркін пайдалануына жол берген. Олар жазасыз қалмауы керек. Қауіпсіздік бәрінен маңызды", – дейді Австралияның Ішкі істер министрі Питер Даттон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу