Аустралия мен Филиппиннің баскетбол құрамалары ойын үстінде төбелесті

901

Аустралия мен Филиппиннің баскетбол құрамалары ойын үстінде төбелесті

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Филиппин мен Аустралия командаларының 13 ойыншысын 2019 жылғы Әлем кубогының іріктеу турнирінде жаппай төбелескені үшін шеттеті, деп хабарлайды vesti.kz Р-Спорт-қа сілтеме жасап.

2 шілдеде Филиппинде өткен кездесу ойын аяқталар тұста үзілді. Аустралия ойыншысы Дэниэл Кикерт қарсыласын ұрып, жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Біраз уақыттан кейін ойын жалғасты. Алайда 13 ойыншы шеттелген соң алаңда үш филиппиндік баскетболшы, бес аустралиялыққа қарсы ойнады. Бірнеше минуттан соң филлипиндіктерден бір ғана ойыншы қалып, матч аяқталды. Есеп 89:53 Аустралия құрамасының пайдасына.
FIBA он филиппиндікті шеттеті, ең үлкен жаза Кэлвин Абуэвада (алты ойыннан шеттелді). Команданың бас бапкері Винсент Рейес бір матчке шеттеліп, 10 мың швейцар франкі көлемінде айыппұл төлейді. Ал оның көмекшісі Джозеф Уйчико үш ойынға шеттелді. 
Елдің баскетбол федерациясына 250 мың франк айыппұл салынды, ал ұлттық команда келесі ойынды көрерменсіз өткізеді. Сонымен қатар, оларға сынақ мерзімі тағайындалды. 
Аустралияның үш ойыншысы шеттетілді (Кикерт бес ойынға) шеттелді. Ұлттық федерацияға 100 мың франк айыппұл салынды. Ойынға төрелік еткендер бір жыл FIBA қамқорлығымен өтетін ойынға қатыспайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу