Аустралия мен Жаңа Зеландия туға таласып жатыр

1827

Кім-кімнен көшірді – Аустралия мен Жаңа Зеландия арасында ту үшін тағы да шу шықты.

Аустралия мен Жаңа Зеландия туға таласып жатыр

Жаңа Зеландия премьер-министрінің міндетін атқарушы Уинстон Петерс Аустралиядан өз жалауын өзгертуді сұрады, деп хабарлайды Today.kz The Sydney Morning Herald сайтына сілтеме жасап. 

Петрстің сөзінше олар Жаңа Зеландияның жалауын көшіріп алған. 

"Ұзақ уақыт бойы біздікі болып келе жатқан жалауымызды Австралия көшіріп алған, шын мәнінде олар өз туын өзгертулері керек және бұндай дизайнды біздің бірінші болып қабылдағанымызды мойындауға тиіс", – деді ол. 

Жаңа Зеландияның туы 1902 жылы қабылданған, ал Австралия жалауы ресми статусты 50 жыл бұрын алғанымен, 1901 жылы қабылданып қойған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу