Аустралия пандемия салдарымен күреске 11,4 млрд доллар бөледі

1102

Соңғы мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандардың саны 127-ге,ал қаза тапқандардыкі 3-ке жеткен. 

Аустралия пандемия салдарымен күреске 11,4 млрд доллар бөледі

Аустралия үкіметі коронавирус кесірінен басталған рецессияны тоқтату үшін 11,4 млрд доллар шығындамақ.

Бұл туралы Қытайдың CGTN телеарнасы хабарлады. Ел экономикасында басталған мұндай тоқырау соңғы рет осыдан 30 жыл бұрын тіркелген.

"Қаражат алдағы айларда тығырыққа тірелген экономиканы демеп, жұмыс орындары мен бизнесті тұрақтандыруға бағытталған", — деді Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон. Оның айтуынша, 31 наурыздан бастап зейнеткерлер мен жұмыссыз тұрғындарға 750 австралиялық доллар көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. 

Бұған дейін Аустралия COVID-19 деп аталатын коронавирус пандемиясының салдарымен күреске 2,4 млрд австралиялық доллар бөлетінін мәлім еткен еді. Ал өткен аптада елдің Қор банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені 0,5%-ға дейін төмендеткен болатын. 

Соңғы мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандардың саны 127-ге,ал қаза тапқандардыкі 3-ке жеткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу